“Бір айы бойы ауырған”. Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды
Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмды. Қазақстан бойынша жаңа вирус түрінен екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм-арнасы.
“31 наурызда Нұр-Сұлтанда бір кісі өлім тіркелді: 50 жастағы науқас жедел жәрдем тобымен 2020 жылдың 21 наурызында ауруханаға түсті.
Ол бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген.
Жұмысы жиі іссапарлармен байланысты. Марқұмның туыс-туғандары, жұмыстағы әріптестері барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды. Кейін отбасы мүшелерінің арасында 2 адамнан коронавирус анықталды. Марқұммен байланыста болуы мүмкін деген күдікпен тағы 51 адам карантинге алынды” деп хабарлайды coronavirus2020.kz телеграм-арнасы.
31 наурыз күні сағат 09.40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті.
Коронавирус жұқтырудың тағы 17 жағдайы тіркелді: Нұр – Сұлтан -2, Алматыда – 9, Қызылорда облысында – 3, Атырау облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жағдай.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 325 жағдайы расталды, оның ішінде:
Нұр Сұлтан – 175,
Алматы – 82,
Қарағанды облысы – 13,
Атырау облысы – 13,
Ақмола облысы – 10,
Жамбыл облысы – 3,
Шымкент – 2,
Шығыс Қазақстан облысы – 2,
Алматы облысы – 8,
Ақтөбе облысы – 3,
Солтүстік Қазақстан облысы – 2,
Павлодар облысы – 1,
Маңғыстау облысы – 1,
Қызылорда облысы – 8,
Батыс Қазақстан облысы – 2 жағдай.
Елімізде 31 наурызда сағат 0:10 уақытында 308 коронавирус инфекциясы тіркелген еді. Оның ішінде 21 адам сауығып, біреуі қайтыс болды.
Тағы оқыңыз:
“Шеврон” Алматыдағы инфекциялық балалар ауруханасына жасанды тыныс алу аппаратын алып берді