Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірді: күдікті ұсталды

Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірді: күдікті ұсталды
gov.kz

Ақтөбеде екі күн бұрын өз үйінде ер адамды атып өлтірген. Кейін марқұмның жанармай құю бекеттері желісінің 49 жастағы директоры болуы мүмкін екені белгілі болды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақтөбе облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол жергілікті тұрғын. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Кісі өлтіру қылмысын ашу үшін Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратынан тәжірибелі жедел қызметкерлер Ақтөбеге жіберілген.

Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында.