“Самұрық-Қазына” басшылығының құрамы туралы мәлімет жаңартылды

“Самұрық-Қазына” басшылығының құрамы туралы мәлімет жаңартылды
Фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның ресми сайтында қордың басқарушы органдарының құрамы туралы ақпарат жаңартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Атап айтқанда, бұған дейін қордың басқарма төрағасы қызметін атқарған Нұрлан Жақыповтың есімі басқарма және директорлар кеңесі мүшелерінің жарияланған тізімінде жоқ.

Тиісті өзгерістер "Самұрық-Қазына" ресми сайтындағы "Қор туралы" бөлімде көрсетілген.