Қызылордада заңсыз кортеж ұйымдастырған 8 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады. Таралған бейнежазбаны зерделеу нәтижесінде заңсыз кортежге қатысқан 8 жүргізуші нақтыланды.
Тексеріс барысында жүргізушілер жолда қауіпті маневрлер жасап, өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіргені белгілі болды.
Олардың барлығы - Қызылорда қаласының 20-25 жас аралығындағы тұрғындары. Оларға маневр жасау қағидаларын бұзу, жол апаты жағдайын туғызу және жол қозғалысы талаптарын сақтамау деректері бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.
Сонымен қатар, сот шешімімен 3 адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.