27 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды

27 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды
gov.kz

Павлодарда 1999 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер 27 жылдан кейін Мәскеуде қолға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қылмыскерді Павлодар облысының полицейлері Ресей ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ұстаған.

Павлодар облыстық полициясының мәліметінше, 2026 жылдың 10 айында өңірде іздеуде жүрген 73 адам анықталған. Сонымен қатар шетелде жасырынып жүрген тағы жеті қылмыскердің жүрген жері белгілі болған.