Сот қылмыстық жолмен келген қаржыны бюджетке өндіріп алды

Сот қылмыстық жолмен келген қаржыны бюджетке өндіріп алды
жи: dalanews

Прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот екі іс бойынша заңсыз келген ақшаны мемлекет кірісіне қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бірінші іс бойынша бір топ адам әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 миллион теңге пара алғаны үшін сотталған. Алайда сот үкімінде бұл ақшаның кейінгі тағдыры көрсетілмеген. Прокуратураның наразылығын қараған кассациялық сот осы соманы мемлекет кірісіне өндіріп алды.

Екінші жағдайда ер адам азаматты алдап, оны пара беруге көндірген. Осылайша, ол одан 2 миллион теңге алған. Бастапқы сот шешімінде бұл қаражатты не істеу керегі көрсетілмеген. Прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот сот актісін өзгертіп, ақшаны бюджетке қайтару туралы шешім қабылдады.

Осылайша, заңсыз алынған жалпы 4 миллион теңге бюджетке өндірілді.