Алматы тұрғыны "Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы" кеден бекеті арқылы аса ірі мөлшердегі бағалы металды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол кеден және шекара бақылауынан жасыру мақсатында алтын құймаларын жабысқақ таспа көмегімен денесіне жабыстырып алып жүрген.
Кеден тексерісі барысында тауар әшкереленіп, уәкілетті орган қызметкерлері оны тәркіледі.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Панфилов аудандық сотының үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, құны 488 миллион теңге болатын 5 келі 764 грамм алтын мемлекет кірісіне тәркіленді.