Алматы полициясына “ақылды көзілдірік” көмектесе ала ма?

Алматы полициясына “ақылды көзілдірік” көмектесе ала ма?
ІІМ

Алматы қаласының полицейлері бет-әлпетті тану технологиясы орнатылған смарт-көзілдірікті сынақтан өткізіп жатыр. Құрылғының көмегімен тәртіп сақшылары адамдарды іздеуде жүрген азаматтардың дерекқорымен салыстыра алады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жүйе адамның жүзін танып, оны арнайы базадағы фотосуреттермен салыстырады. Егер іздеуде жүрген адамға ұқсастық анықталса, көзілдірік полицейге белгі береді. Алайда мұндай жағдайда азаматтың жеке басын қосымша тексеру қажет.

Жаңа технологияның көмегімен Алматыдағы мешіттердің бірінен Шымкент полициясы іздеп жүрген ер адам анықталған. Бұл – құрылғыны қолдану кезінде тіркелген жағдайлардың бірі.

Полиция өкілдері смарт-көзілдірік адамдарды тексеру уақытын қысқартып, іздеуде жүрген азаматтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Әзірге құрылғы сынақ кезеңінде. Оның жұмысына қатысты толық мәлімет пен технологияны тұрақты қолдану мерзімі жарияланған жоқ.