Ақтөбеде ер адамды атып өлтіріп, көлігін айдап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
16 қарашада Ақтөбеде оқ жарақатынан қаза тапқан 49 жастағы ер адамның сүйегі табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша бетперде киген белгісіз адам жеке үйге басып кіріп, ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ, көлікті иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.