Қайтыс болған балалардың ата-аналарына Ұлттық қордан 80,55 мың доллар төленді, деп хабарлайды dalanews.kz.
1 қарашадағы жағдай бойынша қайтыс болған балалардың мұрагері ретінде 249 ата-анаға Ұлттық қордан 80,55 мың доллар төленді.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында жиналған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім ақысын төлеуге пайдалануға болады.
Бағдарламаға қатысушы қайтыс болса немесе сот оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарса, оған нысаналы талаптарды есептеу тоқтатылады.
Қайтыс болған баланың мұрагерлері тиесілі қаражатты алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жүгіне алады.