Астанада «01market» ломбардтар желісі заңсыз жолмен 102 млн теңге тапқан

Астанада «01market» ломбардтар желісі заңсыз жолмен 102 млн теңге тапқан
жи: dalanews

Астанада «01market» ломбардтар желісі лицензиясыз жұмыс істеп, заңсыз жолмен 102 млн теңге табыс тапқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бері компания «комиссиялық сауда» деген атаумен іс жүзінде мүлікті кепілге алып, азаматтарға несие беріп келген. Бұл қызметке «INVEST PRO KZ» ЖШС, «Исмагулов Р.Б.» және «Pro Kz» жеке кәсіпкерлері тартылған.

Алайда аталған ұйымдардың мұндай қызметті жүзеге асыруға қажетті лицензиясы болмаған.

Азаматтарға 30 күн мерзімге қарыз беріліп, күн сайын 0,25 пайызға дейін сыйақы есептелген. Төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда қосымша айыппұлдар қарастырылған. Ал қарыз алушы айыппұлды төлей алмаса, кепілге қойған мүлкі сатылған.

Сот санкциясымен екі пәтерге, үш автокөлікке және екі кеңсе ғимаратына тыйым салынды.