SpaceX компаниясы Starship кемесі ғарышта бір тәулікке жуық уақыт болып, сынақты сәтті аяқтағанын мәлімдеді. Компания тарихында алғаш рет кеме ұшырылым мұнарасындағы механикалық тұтқалардың көмегімен ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Starship 14 қарашада Техастың оңтүстігіндегі ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл - кеменің 15-ші сынақ ұшырылымы.
SpaceX басшысы Илон Маск командасына зымыран жүйесінің екі бөлігін де - 33 қозғалтқышы бар Super Heavy үдеткішін және Starship кемесінің негізгі сатысын қайтару міндеті қойылғанын айтты. Алайда техникалық ақауларға байланысты шамамен 10 минут өткен соң үдеткіш Мексика шығанағына құлап, жарылып кетті.
Starship - қайта пайдалануға болатын зымыран жүйесі. Оның биіктігі - 124 метр, салмағы - бес мың тонна. Ол екі бөліктен тұрады.