Жезқазғанда балаларға арналған ойын-сауық орнының әкімшісі жаяу жүргіншілер жолында отшашу ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға 14 қараша күні кешкі уақытта болған. Аумақты аралап жүрген учаскелік полиция инспекторы балалар дәмханасының жанында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтаған.
Тексеру барысында отшашуды мекеме әкімшісінің өзі атқаны белгілі болды. Қоғамдық орында пиротехниканы пайдаланғаны үшін оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.