Италия Meta компаниясына қомақты айыппұл салды

Италия Meta компаниясына қомақты айыппұл салды
жи: dalanews

Италияның дербес деректерді қорғау жөніндегі реттеуші органы Meta компаниясының Facebook қосымшасы Android жүйесіндегі қолданушылардың жеке фотосуреттері мен бейнелеріне тиісті келісімсіз қол жеткізгенін анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тексеру Facebook желісінде жариялау үшін телефон галереясындағы фото мен видеоларды ұсынатын функцияға қатысты жүргізілген. Белгілі болғандай, бұл мүмкіндік қолданушылардың келісімінсіз әдепкіде қосылып тұрған. Бұған қоса, галереяға қол жеткізуге рұқсат бірнеше функция үшін бірден сұралған.

Осы заңбұзушылыққа байланысты реттеуші орган Meta компаниясының Ирландиядағы бөлімшесіне 805 млн еуро көлемінде айыппұл салды.

Сонымен қатар компанияға 60 күн ішінде аталған функцияны әдепкіде өшіру және оны іске қосу үшін әр қолданушыдан жеке келісім алу міндеттелді.

Айта кетейік, салынған айыппұл Meta компаниялар тобының әлемдік жылдық айналымының шамамен 0,47 пайызына тең.