Мемлекеттік шекарадағы 48 көлік өткізу пункті маңында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттері қойылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жыл басынан бері республика бойынша қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталған.
Олардың жалпы көлемі 159,5 тоннаға жеткен. Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл (386), Түркістан (119) және Қостанай (80) облыстарында тіркелген.
Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Заңсыз орнатылған бактар алып тасталды.