Көкшетау тұрғыны аукционнан көлік әперемін деп бес танысын 41 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, ол 2023 жылдан бастап туыстары мен таныстарына Астанадағы аукционнан көлік алып беруді ұсынған.
Бағасын тиімді етіп көрсетіп, ақшаны бөліп төлеуге болатынын айтқан. Ал алданғандар алдымен бастапқы жарнасын төлеп, қалғанын көлікті алған соң беруге келіскен.
Алайда сатып алушылар көліктерін де, ақшаларын да қайтара алмаған. Тергеу дерегінше, ер адам түрлі сылтау айтып, полицияға арыз түскеннен кейін бой тасалаған.
Біраз уақыт іздеуде болған ол қазір қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.