Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздердің жаңа кезеңі жақын арада өтуі мүмкін – Кремль

Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздердің жаңа кезеңі жақын арада өтуі мүмкін – Кремль
ашық дереккөз

Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің келесі кезеңі жақын уақытта өтуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналистер одан келіссөздердің қашан жалғасуы мүмкін екенін сұраған. Песковтың айтуынша, Ресей тарапы кездесудің алдағы уақытта өтетінін күтеді.

«Біз келіссөздердің жақын арада, яғни алдағы уақытта өтетініне сенімдіміз. Бұл мәселе америкалық келіссөз жүргізушілермен болған әңгімеде де көтерілді. Сондықтан келіссөздер жалғасады деп үміттенеміз», – деді ол.

Еске салайық, күні кеше Абу-Дабиде Ресей-Украина-АҚШ келіссөзі аяқталған болатын. Келіссөздердің бірінші күні төрт сағатқа созылды. Бүгін, 11 қарашада, тағы екі сағат жалғасты.

Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі үшжақты келіссөздерде Ресей делегациясын басқарған Владимир Мединскийдің айтуынша, кездесу "қақтығысты реттеу мәселелері бойынша тараптардың ұстанымдарын тыңдаумен" аяқталған. Негізгі тақырып Еуропадағы болашақ қауіпсіздік жүйесі болған. Тараптар кейбір мәселелер бойынша ортақ түсінікке келген. Алайда нақты қандай мәселелер екені айтылмады.

Сондай-ақ, қатысушылар аумақтық мәселелерді, Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін және НАТО-ның кеңеюіне жол бермеу мәселесін талқылаған. Бұл тақырыптар бойынша да нақты келісімге келген-келмегені белгісіз.

Әмірліктегі әдемі жиыннан соң атыс тоқтамайтын болды

Алдағы екі-үш аптада тараптар мың адамнан алмасады. Бітімгершілік келісіміне немесе атысты тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізілген жоқ.