Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Президенттің сөзінше, тек кейінгі үш жыл ішінде, яғни 2023 және 2025 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлық бойынша 3 168 құқықбұзушылық анықталған, соның ішінде 2 165-ін мемлекеттік қызметшілер жасаған, ал қалғанын басқа да тұлғалар, атап айтқанда, квазимемлекеттік сектор қызметшілері жасаған. Жалпы сомасы 248 миллиард теңгеден асады.
"Биыл он ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 751 құқықбұзушылық жасалған, соның 546-сын мемлекеттік қызметшілер, ал 205-ін өзге де тұлғалар жасаған, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметшілері де бар. Осы статистикадан көріп отырғанымыздай, еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәрсені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз. Біз осы саладағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз", - деді Тоқаев.
Сол себепті түрлі деңгейдегі басшылардың жымқыруға қатысты құқықбұзушылықтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі Бас прокуратурамен бірге жедел және жіті тексереді.