Ақтауда ерлі-зайыпты өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстырған: сот үкім шығарды

Ақтауда ерлі-зайыпты өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстырған: сот үкім шығарды
ЖИ: Dalanews.kz

Ақтауда ерлі-зайыпты сотталды. Маңғыстау облысы прокуратурасы өкілдері мән-жайды айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Соттың 2026 жылғы 25 қыркүйектегі үкімімен ерлі-зайыпты Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша кінәлі деп танылды.

Олар күш қолданып қорқытқаны және бопсалау арқылы интим қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы мәліметті иемденгені анықталған. Олар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден 3 млн теңге талап еткен.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы айыптауды қолдап, сотталушылардың кінәсін растайтын дәлелдерді ұсынған.

Сот А.-ға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, ал Р.-ға жазаны өтеуді 1 жылға кейінге қалдыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.