Жетісу облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынды

Жетісу облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынды
жи: dalanews

Жетісу облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады.

Алакөл ауданы Үшарал қаласының 38 жастағы тұрғыны тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Аталған дерек бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.