Оралда той кортежіндегі қауіпті видео түсірген ер адам жазаланды

Оралда той кортежіндегі қауіпті видео түсірген ер адам жазаланды
видео кадры

Оралда жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Депо көпірінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тексеру барысында той кортежінде жүрген екі Toyota Alphard автокөлігінің люктерінен екі жас жігіттің денелерін сыртқа шығарып, артта келе жатқан көліктерді фото және видеоға түсіргені белгілі болды. Оқиға кешкі қарбалас уақытта, көлік қозғалысы қарқынды кезде болған.

Жастар көпір үстінде қозғалып келе жатқан автокөліктердің люктерінен бастарын шығарып қана қоймай, әсерлі кадрлар түсіру үшін денелерін сыртқа қарай қатты еңкейтіп, қолдарын созған. Мұндай әрекеттер олардың өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері аталған автокөліктерді дереу тоқтатып, тексеру жүргізді.