Өзіне миллиондаған теңге жалақы аударып алған: Абай облысында мектеп бухгалтері сотталды

Өзіне миллиондаған теңге жалақы аударып алған: Абай облысында мектеп бухгалтері сотталды
gov.kz

Абай облысында 8,3 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне жалақы заңсыз есептелгенін анықтады.

"Жарма аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КМК бухгалтері екі жыл бойы өзінің және мекеме іс жүргізушісінің банк шоттарына жалақыны заңсыз түрде артық есептеп отырған. Заңсыз әрекет салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 8,3 млн теңге залал келген.

Тергеу барысында бухгалтер өз кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық көлемде өтеген.

Жарма аудандық сотының үкімімен ол ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығы шектелді және 5 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.