Сараптамадан өтпеген жобаға 202 миллион теңге бөлінген: Алматыда жолға қатысты тергеу басталды

Сараптамадан өтпеген жобаға 202 миллион теңге бөлінген: Алматыда жолға қатысты тергеу басталды
ашық дереккөз

Алматыда сапасыз жол жобасын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мән-жайы

Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражаты заңсыз жұмсалғанын анықтады.

Жергілікті Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге мемлекеттік сараптамадан өтпеген және іске асырылуы мүмкін емес жобалық-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлегені анықталды.

Бұдан бөлек тапсырыс беруші 27 млн теңгеге шарт орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.

Тергеу басталды

Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеп-тексеруді Алматы қаласы ҰҚКД-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.