Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды әлеуметтік желіде балағаттаған 52 жастағы Виолетта Паршинаға іздеу жарияланды. Оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Іздеу туралы ақпарат 10 қарашада тіркелген. Қазір әйелді Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы іздестіріп жатыр.
Еске салайық, оқиға 2026 жылдың сәуірінде болған. Сол кезде Виолетта Паршина Threads әлеуметтік желісінде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «маскүнем», «ақымақ», «ауылдың мәңгүрттері» деп атаған жазба жариялаған. Оның бұл пікірі қоғамда үлкен наразылық тудырып, желі қолданушылары әйелдің үстінен шағым түсірген.
Кейін полиция оны анықтап, бөлімшеге жеткізген. Жанжалдан соң Паршина жарнама агенттігіндегі жұмысынан да айырылған. Ал қазір оған іздеу жарияланып отыр.