2 млрд теңге инвестиция: Алматыдағы Неке сарайы кімге беріледі?

2 млрд теңге инвестиция: Алматыдағы Неке сарайы кімге беріледі?
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Алматыдағы Неке сарайы мен оның жанындағы субұрқақ электронды саудаға шығарылды. Бірақ бұл нысандар сатылмайды. Олар сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы хабарлағандай, байқауда жеңіске жеткен тарап ғимаратты Неке сарайы ретінде сақтап, онда неке қию рәсімдерін өткізуге міндетті. Сонымен бірге кешенді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына кемінде 2 млрд теңге салуы керек.

Болашақ басқарушыға әлеуметтік талаптар да қойылады. Ол ай сайын әлеуметтік осал санаттағы бес жұптың некесін тегін тіркеп, жылына кемінде төрт қоғамдық іс-шараны ақысыз өткізуге тиіс. Сондай-ақ Неке қию музейіне келушілердің еркін кіруін қамтамасыз етуі қажет.

Электронды сауда 12 қарашада сағат 10:00-де өтеді. Өтінімдер сол күні сағат 09:55-ке дейін қабылданады.