Өскеменде ауадағы зиян заттардың мөлшері тағы да нормадан асты

Өскеменде ауадағы зиян заттардың мөлшері тағы да нормадан асты
matriks-pres

Өскеменде ауадағы зиян заттардың мөлшері тағы да нормадан асты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл жолы автоматты станциялар шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсас өткір иісі бар күкіртсутектің мөлшері жоғарылағанын анықтаған. Қазгидромет мәліметінше, 10 қарашада ауадағы күкіртсутектің мөлшері рұқсат етілген нормадан 1,178 есе асып кеткен. Ал басқа ластаушы заттардың көрсеткіші белгіленген шектен аспаған.

Жағдайды тымық ауа райы күрделендірген. Ауа қозғалысы баяу болғандықтан, зиян қоспалар атмосферада баяу таралып, жерге жақын ауа қабатында жиналуы мүмкін.

Айта кетейік, күкіртсутек - улы газ. Оның мөлшері жоғарыласа, көз бен тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, бас ауырып, жүрек айнуы мүмкін.