Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі

Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі
ІІМ

Қазақстанда электромобильдерге арналған жаңа мемлекеттік нөмір үлгілері әзірленді. Ішкі істер министрлігі ұсынған нөмірлердің басты ерекшелігі – өңір коды орналасқан бөлігінің жасыл түспен белгіленуі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нөмірдің қалған бөлігі ақ түсті болып қалады. Әріптер мен сандар қара түспен жазылады.

Жаңа нөмірлер жеңіл және жүк электромобильдеріне, электр автобустар мен электр мотоциклдерге беріледі.

Жаңа ережелерді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отыр.