Атырауда "ҚазАвтоЖол" компаниясына қарасты "ҚАЖсервис" ЖШС филиалының бұрынғы бас бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты. Ол мекеме қаражатының 35 миллион теңгесін заңсыз иемденді деп танылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу дерегінше, бас бухгалтер өзіне негізсіз төлемдер есептеп, филиалдың қаржысын жеке банк шотына аударып отырған.
"Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған бес жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты қызмет атқаруға тыйым салынды", – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Сот "ҚАЖсервис" серіктестігінің келтірілген материалдық залалды толық өндіріп алу туралы талабын да қанағаттандырды.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.