729 қазақстандық әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқан – Еңбек министрлігі

729 қазақстандық әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқан – Еңбек министрлігі
жи: dalanews

2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 қазақстандық пайдаланған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 36 әлеуметтік жәрдемақының 12 түрі бойынша мемлекеттік қолдау атаулы сипатқа ие болады. Яғни көмек шынымен мұқтаж азаматтарға бағытталады.

Ведомство әлеуметтік төлемдерден бас тарту әр азаматтың өз еркімен қабылдайтын шешімі екенін атап өтті. Бұл міндетті талап емес.

Сонымен қатар азаматтардың өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда мемлекеттік қолдау тағайындау туралы қайта өтініш беруге мүмкіндігі бар.