Орманда жатқан ағаштарды отынға әкеткен зейнеткер жазаланды

Орманда жатқан ағаштарды отынға әкеткен зейнеткер жазаланды
Фото: ЖИ

Павлодар облысында 67 жастағы тұрғынға орманнан ағаштарды рұқсатсыз алып кеткені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ер адам орманда желден құлап, қурап жатқан тоғыз ағашты көрген. Ол ағаштарды аралап, отын ретінде пайдалану үшін көлігімен екі рет үйіне әкеткен.

Алайда бұл ағаштар "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағында жатқан. Сондықтан оларды рұқсатсыз кесіп, алып кетуге болмайды.

Сот ер адамның әрекетін ұсақ ұрлық деп таныды. Оған 43 250 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар зейнеткер жәбірленушілерге өтемақы қорына 21 625 теңге төлеуге міндеттелді.