Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандап жатыр

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандап жатыр
жи: dalanews

12 қараша күні таңертең әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері барреліне 1,21 долларға (1,3%) арзандап, 91,55 долларға дейін түсті.

Алдыңғы сауда сессиясында Brent бағасы 1,27 долларға (1,39%) өсіп, барреліне 92,76 доллар болған еді.

Сонымен қатар Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды сауда барысында WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері 99 центке (1,14%) арзандап, барреліне 85,54 долларды құрады.

Бір күн бұрын WTI бағасы 49 центке (0,57%) өсіп, барреліне 86,53 долларға жеткен болатын.