Кувейтте ауруханаға түскен 25 жастағы қазақстандық стюардессаға дипломаттар консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауға алған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан дипломаттары азаматшаның туыстарымен және оны емдеп жатқан дәрігерлермен тұрақты байланыста. Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.
«Қазақстандық дипломаттар азаматшаның туыстарымен және емдеуші медициналық мамандармен тұрақты байланыста. Тиісті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Бұл жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында», – делінген ведомство жауабында.