Бір үйдің домофоны мен бейнебақылау жүйесін үзіп кеткен: Астанада ер адам ұсталды

Бір үйдің домофоны мен бейнебақылау жүйесін үзіп кеткен: Астанада ер адам ұсталды
видео кадры

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі анықталды. Құқыққа қайшы әрекет салдарынан домофон жүйесі мен бейнебақылау камералары істен шыққан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тексеріс барысында полиция қызметкерлері күдікті кім екенін анықтаған. Ол 46 жастағы тұрғын болып шықты.

Ер адам МИК кеңсесінің кіреберісіне қарама-қарсы орналасқан бейнебақылау камерасын қасақана істен шығарып, мүлікке залал келтірген.

Ер адам бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды.