Қазақстанда автобустарда балалар арбасын алып жүру ережесі қайта қаралуы мүмкін

Қазақстанда автобустарда балалар арбасын алып жүру ережесі қайта қаралуы мүмкін
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда қоғамдық көлікте балалар арбасын алып жүру тәртібіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Көлік министрі Әсел Жанасова қолданыстағы ережелерді қайта қарау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін жолаушыларды тасымалдаудың жаңа қағидалары қоғамда наразылық тудырған. Әлеуметтік желілерде балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады.

Осыған байланысты Көлік министрлігі түсініктеме беріп, балалар арбасын қоғамдық көлікке алып кіруге ешқандай тыйым жоқ екенін мәлімдеген. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жолаушыларды арбамен жүргені үшін автобустан түсірмейді және айыппұл салмайды.

Бүгін бұл мәселеге жаңадан тағайындалған Көлік министрі Әсел Жанасова да пікір білдірді. Министр қолданыстағы ережелерді қайта қарау қажеттігін айтты.

Осылайша, балалар арбасын қоғамдық көлікте тасымалдау мәселесі жолаушылардың наразылығы мен министрліктің түсіндірмесінен кейін қайтадан күн тәртібіне шықты.