Президент әкімшілігінде бірнеше тағайындау жүргізілді

Президент әкімшілігінде бірнеше тағайындау жүргізілді
Ақорда

Президент әкімшілігінде бірнеше тағайындау жүргізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.