Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын ауыстырды

Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын ауыстырды
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жасады. Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Жамсатов қызметінен босатылып, оның орнына Ренат Айтаев тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың мәліметінше, Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар Президенттің тағы бір өкімімен аталған бөлімге жаңа басшы тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – деп хабарлады Ақорда.