Қазақстан азаматы Роман Хлыновский Италиядан АҚШ-қа экстрадицияланды. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
43 жастағы қазақстандық АҚШ-тағы ауруханаларға, медициналық мекемелер мен мектептерге жасалған кибершабуылдарға қатысы бар деп айыпталып отыр.
Тергеу мәліметінше, ол медициналық мекемелердің деректерін ұрлау және жария етумен байланысты ірі кибершабуылдарға қатысқан болуы мүмкін.
АҚШ тарапы бұл оқиғаны соңғы онжылдықтардағы медицина саласындағы ең ірі деректердің таралу жағдайларының бірі деп бағалап отыр.