Еуроодақ Татьяна Кимді "қара тізімге" енгізді

Еуроодақ Татьяна Кимді "қара тізімге" енгізді
Wildberries

Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Ким Еуроодақтың жаңа санкциялар тізіміне енді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Санкциялардың жаңа топтамасы жалпы 145 жеке және заңды тұлғаға қатысты. Тізімге Санкт-Петербургтегі мұнай терминалы және Ресейдің бірқатар кәсіпкері де енген. Олардың арасында "Яндекс" пен Ozon компанияларының инвесторы Александр Чачава бар.

Татьяна Кимге қатысты шектеулер маркетплейстің қызметіне және мемлекеттік сектордағы ұйымдармен серіктестігіне байланысты енгізілген.

Сонымен қатар, Еуроодақ құжатында компания акцияларының басым бөлігі мемлекетке тиесілі әрі Еуропаның санкциясына іліккен ВТБ банкімен стратегиялық серіктестік орнатқаны айтылған.

Wildberries санкциялар маркетплейстің жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді. Себебі компанияның Еуроодақ аумағында активтері жоқ және ол бұл нарықта жұмыс істемейді.