Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Кездесу барысында 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Нұрлан Әбдіров Президентке сайлау органдарының алдағы науқанға әзірлігі туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды Конституцияда бекітілген «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес өткізудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ барлық кандидаттар мен саяси партияларға тең жағдай қамтамасыз етілуі керектігін айтты.
Мемлекет басшысының пікірінше, алдағы депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтеді.