Ғылым және жоғары білім министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды

Ғылым және жоғары білім министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды
UKIMET

Ғани Сақтағанұлы Нығыметов Қазақстанның Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ғани Нығыметов бұған дейін Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры қызметін атқарған.

Сондай-ақ әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Сенат аппараты басшысының орынбасары болған. Президент Әкімшілігінде және жоғары білім беру жүйесінде де түрлі лауазымдарды атқарған.