Алматыдан ұшқан ұшақ Делиге шұғыл қонған

Алматыдан ұшқан ұшақ Делиге шұғыл қонған
Depositphotos.com

Алматыдан Үндістанның Гоа қаласына бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Делиге шұғыл қонды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде Алматы – Гоа бағытында ұшқан ұшақ тосын жерден Делиге қонғаны туралы ақпарат тарады.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ жерге қонғаннан кейін борт ішінде шамамен бір жарым сағат отырған. FlyArystan баспасөз қызметі ұшақ техникалық себепке байланысты мәжбүрлі түрде қонғанын растады.

Ұшақ кешігуіне байланысты кері рейстің уақыты да ауыстырылған.

Компания өкілдері екі рейстің де жолаушылары қонақүйлерге орналастырылғанын хабарлады.