Бір үйір жылқыны ұрлап, жетеуін сойып сатқан: Жамбыл облысында күдікті ұсталды

Бір үйір жылқыны ұрлап, жетеуін сойып сатқан: Жамбыл облысында күдікті ұсталды
видео кадры

Жамбыл облысында 16 бас жылқыны айдап әкеткен 44 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды.

Оқиға Т.Рысқұлов ауданындағы жайылымда болған. Ер адам жайылымда қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденген.

Ол өзіне тиесілі атқа мініп, жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен. Салдарынан мал иесіне 24 млн теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.