Uber-дің 150 мыңға жуық жүргізушісінің жеке дерегі тарап кеткен

Uber-дің 150 мыңға жуық жүргізушісінің жеке дерегі тарап кеткен
Фото: ЖИ

Uber платформасында еңбек ететін 149 мыңнан астам жүргізушінің құпия ақпараты тарап кеткен. Олардың арасында аты-жөні, мекенжайы, туған күні және жүргізуші куәлігінің нөмірі бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кибершабуыл Uber-ге технологиялық қызмет көрсететін Fireworks AI компаниясының жүйесі арқылы жасалған. Қаскөйлер серіктестің ішкі тіркелгі деректерін пайдаланып кіргендіктен, қауіпсіздік жүйесі заңсыз әрекетті бірден анықтай алмаған.

"Шабуылдың артында қаржылық пайда табуды көздеген киберқылмыстық топ тұр. Олар жасанды интеллект модельдеріне кіруге мүмкіндік беретін ұрланған токендерді сатуға тырысқан", – деді Fireworks AI өкілі.

Uber зардап шеккен жүргізушілердің қаншасына ескерту жіберілгенін нақтыламады. Бұл – компанияда 2026 жылы тіркелген екінші ірі дерек тарату оқиғасы.