Астанада "Алаш", Шарын" және "Сарыарқа" базарларына жаңғырту жұмыстарын жүргізбегені үшін 430 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркебұлан Тағашов мәлімдеді., деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, әкімшілік жаза базар иелерін модернизациялау міндетінен босатпайды. Сауда орындары белгіленген талапқа сәйкес жаңартылып, стационарлық форматқа көшуге тиіс.
Егер базар басшылығы талапты тағы да елемесе, оларға қайта айыппұл салынады. Бұдан кейін сауда нысандарының жұмысын тоқтату туралы мәселе сот қарауына жіберілуі мүмкін.