Алматыда халық саны 3,6 миллион адамға жетуі мүмкін

Алматыда халық саны 3,6 миллион адамға жетуі мүмкін
Dalanews.kz коллажы/ЖИ

Алматының жаңартылған Бас жоспары бойынша 2040 жылға қарай қала халқы 3,6 миллион адамға жетуі мүмкін. Осы өсімді ескере отырып, билік қаланы дамытудың жаңа жоспарын бекітті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматының Бас жоспары 2026 жылғы 31 қазанда Үкімет қаулысымен бекітілген. Құжат 16 қарашада Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде жарияланып, сол күні күшіне енді.

Бас жоспар екі кезеңге есептелген:

  • Бірінші кезең - 2030 жыл. Болжам бойынша бұл уақытта қала халқы 2,7 миллион адамға жетеді.
  • Есептік мерзім - 2040 жыл (2041 жылғы 1 қаңтар). Бұл кезеңде Алматы халқы 3,6 миллион адам болады деп болжанған.

​​​​​​​Құжатта шығарындылары төмен аймақтарды кезең-кезеңімен кеңейту де қарастырылған. 2040 жылға қарай мұндай шектеулер бүкіл қаланы қамтиды. Сонымен қатар, ЖЭО-2 табиғи газға көшіріліп, 2027 жылға дейін жеке секторды толық газдандыру жоспарланған. Осыдан кейін көмір жағатын пештерді пайдалануға тыйым салынады.