Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген алтын іздеуші қаза тапты

Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген алтын іздеуші қаза тапты
Фото: ЖИ

Ақмола облысының Бестөбе кентінде қараусыз қалған шахтадан алтын іздеген адам көз жұмды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, шахта ішінде тас опырылып, ер адам үйінді астында қалған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

"Күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.