Қостанай облысында 10 жастағы баланы зорлады деген күдікпен екі оқушы ұсталды

Қостанай облысында 10 жастағы баланы зорлады деген күдікпен екі оқушы ұсталды
gov.kz

Қостанай облысында 10 жастағы балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен екі алтыншы сынып оқушысына қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы «НеМолчи» қоры мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қордың мәліметінше, оқиға мектеп дәретханасында болған. Болжам бойынша, алтыншы сыныпта оқитын екі оқушы бесінші сынып оқушысына зорлық көрсеткен.

Қор өкілдерінің айтуынша, болған жағдайды жоғары сынып оқушыларының бірі байқап, бұл туралы жәбірленуші баланың ағасына жеткізген. Кейін мектеп директоры полицияға хабар берген. Баланың анасы құқық қорғау органдарына арыз жазып, адвокаттың көмегіне жүгінген. «НеМолчи» қоры күдікті оқушылардың бірінің ата-анасы осы мектепте жұмыс істейтінін де мәлімдеді.

Қостанай облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Алайда істің өзге мәліметтерін жарияламады.

«Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты асығыс қорытынды жасамауға шақырды. Қазір істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.