Жаңа Stadler вагонындағы дәретхана уақытша істемей қалған. Жолаушының айтуынша, бұған жүйе бітелуі себеп болған. “Жолаушылар тасымалы” компаниясы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Пойыз ішіндегі кадрлар Threads желісінде жарияланды. Видео авторы дәретхана бітелуіне жолаушылар кінәлі екенін айтты.
“Жолаушылар тасымалы” АҚ бұл жағдайға назар аударды.
“Вагондағы дәретхана уақытша жұмыс істемеді. Тексеріс барысында ақауға санитарлық-техникалық жүйеге қағаз майлықтар түсуі себеп болғаны анықталды. Қазір мамандар ақауды жою үшін жұмыс істеп жатыр”, – деп хабарлады компания.
Дәретхана қағазы, жеке гигиена құралдары және басқа да бөгде заттар жабдық істен шығуына әкеп соғатыны айтылды.
Айта кетейік, бір апта бұрын швейцариялық Stadler вагондары Астанадан Алматыға жолға шықты.