Әділет Ерболатұлы Тұрғанбаев Қазақстанның Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы министрлікке қарасты ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әділет Тұрғанбаев жаңа қызметке Үкімет қаулысымен тағайындалған.
Ол бұған дейін Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болған. Сондай-ақ Премьер-министр кеңсесінде және Мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істеген.