Back
| DalaNews

2019 жылы елімізде орыстың Lada-сы көп сатылыпты

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2019 жылы ресми дилерлер 71 мыңнан астам жаңа көлік сатқанын мәлімдеді.  

2019 жылдың қорытындысы бойынша ресми дилерлер 71 417 көлікті сатып, бұған дейінгі жылмен салыстырғанда көлік саудасы 23,3 пайызға өскен.

Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 654,3 млрд теңге жұмсап, 2018 жылғы деңгейден 31,8 пайызға артық болыпты. Көлік сатып алушы 42 205 адам (59,1 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған.

Сонымен қатар, былтырғы 12 айда сатылған 29 212 автомобиль (40,9 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada көш бастап тұр. Республика аумағында ресейлік марканың 15 366 көлігі сатылған.

Ал судаланған Hyundai модельдерінің саны 14 853-ті құрады. Үшінші орынға 14 197 көлік сатқан Toyota шықты.  Сондай-ақ, бұл бестікке KIA (3 758 автокөлік) мен Ravon (3 651) брендтері енген.

 

Қырғыздар Қытайдан 12 студентін әкелді